Қаңтар оқиғасы сарапшылар көзімен

Ресми мәлімет бойынша, Қаңтар оқиғасы кезінде кем дегенде 227 адам қаза болды. Саяси режим Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған полицей мен әскерилердің аты-жөнін жариялағанымен, марқұм болған бейбіт азаматтардың тізімін әлі жариялай қойған жоқ. Тәуелсіз медиа мен әлеуметтік желіде қаңтардағы толқуларға қатысқан азаматтарды абақтыларда азаптау фактілері туралы мәлім болып жатыр. Азаматтардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуі тиіс мемлекеттік институттарға сенім танытпаған белсенділер қоғамдық комиссиялар құрып, Қаңтар оқиғасын зерттеуге тырысып жатыр. “Халық үніне құлақ асушы мемлекет” концепциясын жүзеге асырушы президент Қ.Тоқаев пен оның әкімшілігі Қаңтар оқиғасынан кейін “Жаңа Қазақстан” құрылатынын мәлімдеді.

Қаңтардағы жаппай толқуларға не себеп болды? Қаңтар оқиғасын тәуелсіз зерттеуге қалай қол жеткізуге болады?

Саяси режимнің “терроризммен күресі” азаматтық қоғамның дамуына, адам құқықтарының сақталуына қалай әсер етуі мүмкін?

Ескі авторитар саяси режим құрғалы отырған “Жаңа Қазақстан” қандай болмақ?

Осы және өзге де маңызды сұрақтар төңірегінде өтетін сарапшылардың талқылауы Саяси шешімдер орталығының Facebook парақшасында және YouTube каналында (Policy Solutions KZ) көрсетіледі.

Спикерлер:

Әйгерім Құсайынқызы, LLM, PhD кандидат, гендерлік экономиканы зерттеуші, SDU оқытушысы

Динара Әбділда, антрополог, PhD кандидат, Саяси шешімдер орталығының сарапшысы

Қайрат Молдашев, зерттеуші (NARXOZ университеті), саяси экономика бойынша PhD

Серік Бейсембаев, әлеуметтанушы, PhD кандидат, PaperLab зерттеу орталығының жетекшісі

Модератор: Шалқар Нұрсейітов