12-13 қарашада Астана қаласында PaperLab зерттеу орталығы ұйымдастырған алғашқы Central Asian Think Tanks Forum өтті. Форумды ұйымдастыруға Саяси шешімдер орталығы және The Guests студиясы ат салысты.
Біздің орталығымыздың сарапшысы Шалқар Нұрсейіт «Орталық Азия елдерінде шешімдерді қабылдауға зерттеу орталықтары қалай тиімді әсер ете алады?» атты дөңгелек үстелдің модераторы болды.
Форум барысында Орталық Азия елдеріндегі зерттеу орталықтардың дамуына әсер ететін негізгі кедергілер анықталды. Олар: мамандардың жетіспеушілігі, тұрақсыз қаржыландыру және шектеулі саяси жағдайлар. Бұл нарықта жұмысты жалғастыру үшін зерттеу орталықтары өзгерістерге бейімделу және серіктестік құру қабілеттеріне ие болуы керек.
Форумның қорытындысы бойынша осындай іс-шараларды өткізу қажет деген қорытынды жасауға болады. Себебі, Орталық Азиядағы әріптестер серіктестікті жалғастырып, тәжірибе алмасып, өңірді бірге зерттегісі келеді.