Ресей-Украина соғысы: әлемге және Қазақстанға әсері қандай болмақ?

24 ақпанда Ресей президенті В.Путиннің бұйрығымен орыс әскері Украинаға басып кірді. Кремль тәуелсіз елдің территориясына басып кіруді “әскери операция” деп атады. Еуроодақ, АҚШ және өзге де мемлекеттер Украинаға материалдық, қаржылай, гуманитарлық және моральдық қолдау білдіріп, Ресей билігін айыптап, экономикалық санкциялар арқылы оларға қысым көрсетуге тырысып жатыр. Ал Кремль ядролық қаруға жүгінуі мүмкін екенін білдіріп, экономикалық санкцияларды “легитимді емес” деп атады. Ақорда Ресей-Украина соғысына қатысты ресми позициясын ашық білдірмеді. 28 ақпанда Украина мен Беларусь шекарасында екі тараптың алғашқы келіссөзі өтті. Алғашқы кездесу айтарлықтай нәтижемен аяқталмағанымен, тараптар келіссөздің келесі кезеңіне дайын екенін білдірді. Соғыста қаза болғандардың нақты саны жайлы ақпарат әлі де нақтылауды қажет етеді. Өкінішке қарай, Украина территориясында соғыс әлі жалғасып жатыр.

Ресей-Украина соғысының алдын алу мүмкін бе еді?

Ресей-Украина конфликтісін Үшінші дүниежүзілік соғыстың басы деуге келе ме?

Соғыс жағдайында Украина мен Ресей басшылары коммуникация стратегияларын қалай жүргізіп жатыр?

Ресей-Украина соғысына қатысты Ақорда не себепті ресми позициясын ашық білдірмей отыр?

Ресейге салынып жатқан экономикалық санкциялардың Ресей мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге әсері қандай болмақ?

Қазақстанның экономикасы мен сыртқы саясаты соғыс кезінде Ресеймен одақтас ел болудың жауапкершілігін арқалауға дайын ба?

Осы және өзге де маңызды сұрақтар төңірегінде өтетін талқылау 2 наурызда сағат 19:00-де Саяси шешімдер орталығының Facebook парақшасында және YouTube каналында (Policy Solutions KZ)  көрсетілді.

Спикерлер:

Арман Әмір, саясаттанушы, Саяси шешімдер орталығының сарапшысы

Гүлім Оразбаева, коммуникация маманы, PR консультант

Жәнібек Арынов, зерттеуші, халықаралық қатынастар бойынша PhD

Қайрат Молдашев, зерттеуші, саяси экономика бойынша PhD

Модератор: Шалқар Нұрсейітов

4.20 маусымда сағат 19:00 Саяси шешімдер орталығының Facebook парақшасында «Курьер болу тәуелсіздік пе, әлде тұрақсыздық па?» атты Алматыдағы курьерлердің жұмысы туралы зерттеу нәтижелерін таныстырылды.

Спикер: Динара Әбділда

Дискуссант: Данияр Қосназаров

Модератор: Шалқар Нұрсейіт

Онлайн іс-шараның тікелей эфирдегі жазбасы: https://www.youtube.com/watch?v=L7X1BfMMZe0&list=PL99vXlweaL31Seob981jkeWd0sUaztk4q&index=4