«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қызметіне экономикалық талдау

Ресми мәлімет бойынша, “Самрұқ-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорының құрамына кіретін компанияларда 300 мыңға жуық адам қызмет етеді. “Самрұқ-Қазына” қорының активі Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің шамамен 60%-іне пара-пар. Кейінгі кездері қор жұмысының тиімділігі, активтерінің басқарылуы, қор компанияларындағы қызметтер мен тауарларды сатып алу процесінің ашықтығы саяси, медиа және эксперттік ортада жиі талқылана бастады. Мәселен, Қаңтар оқиғасынан кейін президент Қ.Тоқаев “Самрұқ-Қазына” қорын реформалау қажет екенін айтып, үкіметке арнайы тапсырма берді. Дегенмен әзірге “Самрұқ-Қазына” қорын реформалау бойынша Ә.Смайлов кабинеті нақты ұсыныстарды көпшілікке жариялай қоймады.

“Самрұқ-Қазына” қоры академиялық ортада қаншалықты терең зерттелген? Қор жұмысының тиімділігін бағалауға не кедергі?

“Самрұқ-Қазына” қорының Қазақстан экономикасындағы орны қандай?

Неге “Самрұқ-Қазына” қоры Сингапурдің Теmasek инвестициялық компаниясы секілді бола алмады?

Кейінгі 10 жылдағы “Самрұқ-Қазынаның” құрамындағы компаниялардың қаржылық көрсеткіштеріне қарап қандай ой түюге болады?

Қордың Қазақстан үкіметіне дивиденд төлеу саясаты 10 жылдың ішінде қалай өзгерді?

“Самрұқ-Қазына” қорын реформалау мүмкін бе?

Осы және өзге де маңызды сұрақтар төңірегінде өтетін талқылау 17 ақпанда сағат 19:00-де Саяси шешімдер орталығының Facebook парақшасында және YouTube каналында (Policy Solutions KZ)  көрсетілді.

Спикер: Гүлайхан Кубаева, қоғамдық экономика саласының PhD докторы (Салерно университеті, Италия)

Модератор: Шалқар Нұрсейітов